Әлеуметтік жобалар платформасына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «ASAR» ІІІ Республикалық форумы шеңберінде әлеуметтік жобалар платформасына өтінімдер қабылдау мерзімін 31 мамыр,а дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «АСАР» үшжақты ынтымақтастық ІІІ Республикалық форумы шеңберіндегі әлеуметтік жобалар сайысын жариялаған болатын. Платформаға қатысуға жергілікті қауымдастықты дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуге тұрғындардың әлеуетін тартуға және осы аймақтардағы өмір деңгейін көтеруге бағытталған жобалар шақырылады.

Платформа келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- ЕСО-ASAR (қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді шешуге, халықты экологиялық мәдениетке баулуға және өсіп келе жатқан буынның экологиялық мәселелер жайында білім деңгейін көтеруге бағытталған жобалар).

- IT-ASAR (сандық жүйеге көшіру арқылы жергілікті қауымдастықтың мәселелерін шешуге бағытталған жобалар).

- INCLUSIVE-ASAR (инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар).

Платформаға қатысу үшін 2019 жылдың 31 мамыры күнгі сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) [email protected] электрондық поштасына қосымшаға сәйкес өтінімді қазақ/орыс тілінде жіберу қажет.

Өтінім көрсетілген формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін), бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін), инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркелуі тиіс.

Барлық өтінімдер жиналғаннан кейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының онлайн алаңында ашық жарияланымда болады және кәсіпкерлер арасында таратылады.

Соңғы жаңалықтар