Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Алматы облысындағы мектептердің бірінде бопсалаушылықты анықтауға көмектесті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілердің пайдаланушысынан түскен ақпарат бойынша, полицейлер Көксу ауданындағы мектептердің бірінде бопсалаушылық фактілерін анықтады, деп хабарлады Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел тобы бұл ауылдық мектептің кіші сынып оқушыларынан 500-1000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты бопсалауда күдікті танылған жоғары сыныптарда оқитын төрт баланы ұстады.

Бопсалау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Сот алдындағы тергеу амалдарын Көксу АІІБ-нің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Күдікке ілінген оқушылар ата-аналары мен ювеналдық қызметкерлердің қадағалауында.

Соңғы жаңалықтар