Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың көбісі сенімді және толық емес – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
2022 жылғы 17 қаңтар 19:41

Әлеуметтік желілердегі ақпараттардың көбісі сенімді және толық емес – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған азаматтардың не нәрсеге жиі шағымданатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін спикер өңірлердегі уақытша ұстау изоляторларына барып, ұсталған азаматтармен сұхбаттасып жүргенін айтқан еді. Бірнеше күнде олар 11 өңірдегі 34 мекемеге барған.

«Осы уақытта бізге, адвокаттарға және басқа қорғаушыларға ұсталған адамдарға кірудегі қиындықтар, сонымен бірге туысқандарға хабардар етпеу, алғашқы сағаттарда медициналық көмек көрсетпеу немесе негізгі ұстау туралы шағымдар жасалды. Мұндай фактілерге жол берілмеуі керек. Сондықтан әрбір түскен арыз-шағымдарды Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жібереміз. Кеше брифинг барысында прокуратура өкілі хабарлағандай, Алматы қаласы прокуратурасының тексеру нәтижесінде 71 азаматқа әкімшілік жаза шаралары жеңілдетілді. Және 91 азамат босатылды. Бұл өте маңызды. Өйткені ең бастысы – халықтың әлділет пен заңдылыққа деген сенімі», - деді Э. Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бюаспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері мен Бас прокуратураға барлық қабылданған шаралар туралы БАҚ-та толық хабарлау жөнінде өтініш жасалды.

«Соңғы күндері өздеріңіз көргендей, бұл өтініш ескерілді. Барлық азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Бірінші кезекте қылмыстық немесе әкімшілік сот төрелігіне адамдар туралы сөз болып отыр. Шетел азаматтары үшін де осындай ақпарат қажет. Сондықтан шетел азаматтарын ұстау туралы шетелдік дипломатия өкілдіктеріне дереу хабарлау керек. Прокуратура осындай хабарларды жеткіземіз деп айтты, біз оған сенеміз», - деді Эльвира Әзімова.

Сонымен бірге, тәртіпсіздік болған күндері ақпарат жүйесінің зақымдалуына байланысты, ұсталғандардың көпшілігін идентификациялау уақытша қиындық туындатқан.

«Сондықтан көпшілігінің туыстары олардың ұсталғаны туралы ақпаратты кеш алды. Сондай-ақ осындай жағдай медициналық мекемелерде де болды. Азаматтардың көпшілігі мұнда құжатсыз түскен. Бірінші сұрақ – алғашқы медициналық көмек көрсету мәселесі болса, олардың туыстарына хабарлау екінші сұрақ болды. Ең бастысы – адамның өмірі. Олардың көпшілігінде жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған. Сондықтан, жергілікті жерлердегі ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары мұндай ақпаратты дереу туыстарына және қоғамдық ұйымдарға беруі қажет. Себебі мұндай жекелеген ақпарат әлеуметтік желілерде көп екенін көріп отырмыз. Бірақ мұндай ақпараттың көбісі сенімді және толық емес. Сондықтан біз ресми ретінде берілген ақпаратқа сүйенуіміз керек», - деп түсіндірді Э. Әзімова.


Jańalyqtar

MURAǴAT