Әлеуметтік желілерде Қазпошта атын пайдаланатын алаяқтар пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Қазпошта атынан қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Әлеуметтік желілерде Қазпошта атынан қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар пайда болды деп ескертеміз. Бұл ақпарат дұрыс емес және алаяқтық болып табылады «Қазпошта» АҚ өткізетін барлық акциялар мен конкурстар Post.kz сайтында жарияланады және әлеуметтік желілерде. Олар туралы Жарнама Қазпошта бөлімшелерінде және БАҚ-да орналастырылады. Біз сізден сақ болуды, күмәнді сілтемелерді ашпауды және жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз», делінген ескерту хатта.


Соңғы жаңалықтар