Әлеуметтік желілер жастардың денсаулығына зиян келтіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер жасөспірім Facebook, Twitter немесе Instagram әлеуметтік желілерінде күніне екі сағаттан астам уақыт өткізсе, ол ақыл-ой проблемаларына, психологиялық күйзеліске ұшырауы мүмкін немесе тіпті мұның арты өз-өзіне қол жұмсауға әкеліп соқтыруы ғажап емес, деп жазады meddaily.ru.

Ғалымдар еріктілер тобындағы жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кетірген уақытын салыстырған. Зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің ең кішісі жетінші сынып оқушысы болған. Олардың 25 пайызы әлеуметтік желілерде күніне екі сағаттан артық уақыт отырған, деп хабарлайды The Times of India .

Кейбіреулер үшін әлеуметтік желілер нағыз проблемаға айналған. Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желілердің барлық күшін психологиялық көмектің насихатталуы үшін қолдану қажет. Әлеуметтік желілер жастардың қауіпке ұшырайтын топтары мен медицина сарапшыларын байланыстыра алады.

Соңғы жаңалықтар