Әлеуметтік желіде жылу мекемесінің бақылаушысын балағаттаған ақтөбелікке айыппұл салынды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жылу беру мекемесінің бақылаушысын балағаттаған ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе тұрғыны «Трансэнерго» АҚ бақылаушысын әлеуметтік желі арқылы балағаттап, оның ар-намысына тиетін сөздер жазған. Жұмысшысына бейжай қарамаған коммуналдық мекеме полицияға арыз жазып, әлеуметтік желі арқылы хабарлама қалдырған адамның аты-жөні мен мекенжайын тауып алды. Кейін қалалық сотқа талап арыз түсіріп, 100 мың теңге моральдық шығып талап етті. Алайда жауапкер жұмыссыз екендігін айтып ақталып, мекеме жұмысшыларының алдында кешірім сұрады.

«Жауапкер мен талапкер бітімге келді. Заң бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бір ескерте кететін жайт, әлеуметтік желі арқылы балағат сөз айтқан адам заң алдында жауап береді. Жасырын атпен тіркелген адам да табылады. Қазіргі кезде ақтөбелік коммуналдық мекемелер арасында бірінші болып біз өз тарапымызға айтылған балағат сөздер үшін сотқа арыз түсірдік. Әр сөзге абай болуды ескертеміз», - деді мекеме заңгері Әсел Байменшина.

Соңғы жаңалықтар