Әлеуметтік желіде жігітпен танысқан: Семейде жоғалған оқушы қыз табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз басқа қаладан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айының ортасында полицияға жүгінген 49 жастағы әйел кәмелеттік жасқа толмаған қызының жоғалып кеткенін айтты. Өз сөзінде ол баласының екі күн бұрын кешкі уақытта үйден қашып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін жеткізген.

«Тәртіп сақшылары 14 жастағы қызды табу үшін жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, жасөспірім Павлодар қаласынан табылды. Белгілі болғандай, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы сол жақта тұратын жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен қашқан», - делінген ақпаратта.

Қыз тәртіп сақшыларына ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтты. Қазіргі уақытта оқушы Семей қаласына жеткізілген. Жедел уәкілдер оны әзірге туыстарына тапсырды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.


Соңғы жаңалықтар