Әлеуметтік желіде заңсыз контент тарататын интернет ресурсты байқаған жағдайда қайда хабарласу керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының ЛГТ идеологиясымен күрес туралы сауалына берген жауабында әлеуметтік желіде заңсыз контент тарататын интернет ресурсты байқаған жағдайда қайда хабарласу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері 3491 интернет-ресурс пен сілтемелерге қатысты ақпарат саласындағы уәкілетті органның 237 нұсқамасы негізінде «Байланыс туралы» Заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілері мен құралдарының жұмысына қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылданды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы хабарлама жұмысының нәтижесі бойынша 2022 жылы интернет-ресурстар әкімшіліктері бала құқықтарының бұзылуына 3,1 мыңнан астам материалдарды жарияланымнан алып тастады (ВКонтакте - 2575, Instagram - 9 Facebook - 1, YouTube - 26, Telegram - 536)», - деп жазады вице-Премьер.

Сондай-ақ, ол жауабында интернет арқылы зиянды контент тарататын сайттардың үстінен кімге шағымдануға болатынын түсіндірген.

«Әлеуметтік желіде топты немесе заңсыз мазмұн таратылатын интернетресурсты байқаған жағдайда qogam.gov.kz сайтының «Шағымдану» бөлігіне өтініш қалдыра алады. Келіп түскен барлық шағымдар бойынша жедел түрде орналастырылған материалдарға құқықтық бағалау жүргізіледі, материалды бұғаттау немесе жою жөнінде шаралар қабылданады», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар