+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Алматыда екі түнгі клуб жабылды

2020 жылғы 7 шілде 01:00
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Алматыда екі түнгі клуб жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда түнгі клубтардан карантин режимін бұзу фактілері анықталды. Көңіл көтеретін орынға жиналған көпшіліктің видеосы мен фотолары әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медеу ауданының әкімдігі қалада карантин режимі күшейтілгенін еске салады.

«Ауданның мобильді тобы санитарлық нормаларды бұзу фактілерін анықтау үшін ұдайы рейд ұйымдастырып отыр. Бұл рейд барысында Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзған бірқатар нысандар әшкере болды» деп мәлім етті аудан әкімдігінен.

4 шілде күні Медеу ауданында орналасқан «Bla bla bar» және «Echo» секілді ұйымдардан осындай фактілер анықталған.

«Бұл нысандар санитарлық нормаларды сақтамай, келуші қонақтарға қауіп төндірген. Мұнда келіп, көңіл көтеруші халықта есеп жоқ. Осыған байланысты аудан әкімдігі мамандары, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен және жергілікті полицейлерден құралған мобильді топ аталған мекемелерді тексеріп шықты. Сондай-ақ нысан басқарушысымен әңгіме жүргізіп, карантин кезінде сақталуы тиіс санитарлық нормаларды түсіндірді» деп мәлім етті әкімдік.

Рейд нәтижесі бойынша бұл түнгі клубтар 5-19 шілде аралығындағы шектеу шаралары аяқталғанша жұмысын тоқтатты.

«Осыған байланысты аудандағы бүкіл кәсіпкерлер мен тұрғындарды өзіңіздің және айналаңыздағы жандардың қауіпсіздігі үшін санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз» деп толықтырды ведомстводан.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT