Әлеуметтік желіде сайлау жөнінде сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура азаматтарды сайлау заңнамасын бұзбауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Бас прокуратурасы ел президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстауда», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, интернет желісінде осы заңның талаптарын бұзуға қатысты бірнеше оқиға тіркелген.

«Нақты айтқанда, Nur.kz интернет-ресурсының меншік иесі Орталық сайлау комиссиясына міндетті түрдегі хабарлаусыз сауалнама жүргізу фактісі анықталды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осындай сауалнама жүргізу байқалады», делінген хабарламада.

Прокуратура аталған фактілер бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Атап айтқанда, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауал салған (ӘҚБтК 120-бабы 3-тармағы) Алматы қаласының тұрғыны 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл салынды.

Осыған ұқсас «Facebook» әлеуметтік желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды», делінген хабарламада.

Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңдылықты сақтау қажеттілігі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық көзделгені туралы еске салады.

Прокуратура азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын үшінші тұлғаларғдың құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалануына жол бермеуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар