Әлеуметтік желіде Қазақстан Үкіметінің атын жамылған фейк аккаунттар пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Қазақстан Үкіметінің атын жамылған фейк аккаунттар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Instagram әлеуметтік желісіндегі @officialkazakhstangovt және Twitter-дегі @KazakhstanGovt аккаунттарының фейк екендігін хабарлаймыз. Аталған парақшаларында жарияланатын материалдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі туралы ресми ақпараттарға ешқандай қатысы жоқ. Осыған орай түрлі әлеуметтік желілерде осындай фейк парақшалар пайда болған кезде ақпарат алу үшін ҚР Премьер-Министрінің primeminister.kz ресми сайтын және Facebook, ВКонтакте, Twitter, Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде анықталған аккаунттарды ғана пайдалануды өтінеміз», - деп жазды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы Зарина Нұрланова Facebook парақшасында.

Айта кетейік, PrimeMinister.kz контент-платформалары мыналар:

1. instagram.com/primeministerkz (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде);

2. fb.me/primeminister.kaz (қазақ тілінде);

3. fb.me/primeminister.kz (орыс тілінде)

4. fb.me/primeminister.int (ағылшын тілінде);

5. https://twitter.com/primeminister_k (қазақ тілінде);

6. twitter.com/primeministerkz (орыс тілінде);

7. twitter.com/primeministeren (ағылшын тілінде);

8. vk.com/primeminister_k (қазақ тілінде);

9. vk.com/primeminister_news (орыс тілінде);

10. youtube.com/c/pmkz (қазақ/орыс тілдерінде);

11. @PrimeMinisterKZ_bot (қазақ/орыс тілдерінде).


Соңғы жаңалықтар