Әлеуметтік желіде қандай әрекеттер үшін жаза қарастырылған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда желі қолданушыларының саны күн санап артып келеді. Бүгінгі таңда олардың үлесі халықтың 85%-ын құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты желідегі әрекеттер үшін жауапкершілік мәселесінің өзектілігі артуда.

Бүгін Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушылары үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық мәдениеті туралы дәріс өткізілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Сейтмағанбетова тыңдаушыларды желі қолданушыларының мінез-құлқын реттейтін заңнамалық нормалар туралы хабардар етіп, желіде таратуға тыйым салынған мәліметтермен таныстырды.

Маманның айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіретін жалған ақпаратты желіде таратқаны және желіде біреуге қорлық жасағаны үшін жаза түрлері көзделген.

Сондай-ақ, маман азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша құқықтары туралы хабардар етті.

Әлеуетті мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде көзделген мінез-құлық нормаларымен танысты.

« Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өмірде ғана емес, желіде де жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды ұстануы әрі қарапайым болуы тиіс» - деп Ж.Сейтмаганбетова ескертті.


Соңғы жаңалықтар