Әлеуметтік желіде Илон Маск жерсеріктерінің тізбегі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Илон Масктің 60 интернет-байланыс жерсерігінің тізбегі көрсетілген кадр жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 мамыр күні түнде SpaceX компаниясы Флорида штаты Канаверал мүйісінде АҚШ ӘҚК базасынан 60 интернет-байланыс жерсерігін ұшырды. Бір сағат өткеннен кейін, Жерден 270 миль биіктікте Starlink спутниктер тобы оларды орбитаға жеткізген зымыраннан ажырады.

Илон Маск Twitter-дегі ресми аккаунтында жерсеріктер тобының сәтті ұшырылғанын растап, сурет жариялады.

Компанияның жоспарына сәйкес, келесі жылы Starlink жүздеген жерсерігі Жердің үстіндегі «шоқжұлдызға» айналып, әлемнің кез келген нүктесінде интернетті қамтамасыз ететін болады. Жерсеріктердің әрқайсысы 500 фунтты құрайды. Олар тек күн батареясымен жұмыс істейді. 2015 жылы SpaceX компаниясы Starlink жобасын интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен жасады. Жоба аясында 11 мың жерсерігі орналастырылады. Бұл жобаға 10 млрд АҚШ доллары жұмсалмақ.

Соңғы жаңалықтар