Әлеуметтік желіде елорда көшелерінің бірін су басқандығы жөнінде видео пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фейсбук әлеуметтік желісінде Астана көшелерінің бірін су басқандығы жөніндегі бейнекөрініс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш видеоны түнгі сағат 02-00-дер шамасында Арсен Шакуов атты азамат жариялады. Бейнекөріністе Астанадағы Тұрыр Рысқұлов көшесінің бойындағы, нөмірі екінші балалар емханасының маңында ыстық су құбырының тесіліп, ол жерден су атқылап жатқандығы айтылады.

Бейнекөріністен жолды су алып, ыстық су буының бұрқырап жатқаны айқын көрінеді. «Бұл жерден көлікпен өту қазір қиын. Таң ата әрине, жағдай қазіргіден де қиын болады. Себебі біраз уақыттан соң құбырдан аққан су мұз болып қатады да, көлікпен жүру одан сайын қиындай түседі»,-дейді ол.

Сондай-ақ бейнекөріністі жариялаушы азамат ауа райының -29 градус екендігін айтады және ол орын алған проблеманың таң атқанша жөнделетіндігінен үмітті.      

 

Соңғы жаңалықтар