Әлеуметтік желіде Елбасының жастарға айтқан кеңесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Президент телерадиокешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға қаратып айтқан кеңесінен үзінді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың санасы нақты дүниелерді сіңіру қажет. Ең бастысы – адам боп өсу, білім алып, жақсы мамандық игеру. Жақсы білімің болса, оны ешкім тартып ала аламайды. Ақшаны тартып алуы мүмкін, үйді де тартып алуы мүмкін. Басқа да дүниені біреу тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білімді, адамгершілікті сенен ешкім тартып ала алмайды. Мен жастарды осыған шақырамын. Сонда ғана өмірде жарып шығасың», - дейді Елбасы видеода.

Еске салсақ, өткен жылдың аяғында өткен Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «бақытты болу үшін Президент болу міндетті емес» екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар