Әлеуметтік желіде «Цеснабанкке» қатысты жалған ақпарат таратқандар анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде «Цеснабанкке» қатысты жалған ақпарат таратқандар анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Цеснабанк» АҚ қаржылық ахуалы нашарлағандығы туралы жалған ақпарат тараған. Осыған орай аталған қаржы институты ҚР ІІМ Тергеу департаментіне жүгініп, ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде қасақана жалған ақпарат таратушылар анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде. Еліміздің заңнамасына сәйкес мұндай сипаттағы қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар