Әлеуметтік желі арқылы әлемге танылған қазақ суретшісінің көрмесі өтеді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қазан күні Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында танымал суретші Аңсаған Құрманғазықызы Мұстафаның (Аңса Мұстафа) алғашқы көрмесі ашылады, бұл туралы «Ақ босаға» басылымы хабарлады.

Көрме қазан айының 25-іне дейін жалғаспақ. «Сөйле, сурет» атты көрменің негізін ғаламторда танымал суреттер құрайды. Көрме әлеуметтік желідегі оқырмандардың төл туындыны өз көзімен көргілері келетіндердің көптеген сұрауларынан кейін ұйымдастырылса да, негізгі мақсаты қазақ жастарына, жалпы жастарға, тәлім тәрбиені заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізу. Сондықтан, көрмені Астананың қара шаңырағы білім ордасында ұйымдастыру жөн деп ұйғарылды. «Көрмені ұйымдастырудаға ат салысқаны үшін Еуразия университеті ректорыны Ерлан Бәтташұлына және университет ұжымына алғыс білдіреміз. Ұйымдастырушылар «Сөйле, сурет» көрмесімен екі аптаға жуық уақыт ішінде қаладағы білім ордаларының көпшілігің студентері таныстырылады деген ойда. Көрмені алдағы жылы еліміздің басқа да қаларына апару жоспарда бар», делінген хабарламада. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Аңсаған Мұстафаның әр жаңалыққа, көтерілген проблемаларға арнап салынған суреттермен қатар, көбіне өз суреттері арқылы қалың оқырманның назарын жаңа тақырыпқа аударып, тың мәселелердің басын қозғап жататыны ғаламтор оқырманына мәлім. Қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс және тағыда басқа оншақты тілдерге аударылып, әлемге тарады. Кейбір суреттері фейсбуктің латынамерикалық сегментінде, жергілікті ең танымал әртістердің рейтингісінен асып түскен. Бүгінде еуроодақта тарайтын, жапонияда тарайтын журналдар өз беттерінде қайта басуға рұқсат алып отыр. Оларға қайта басу қазақстандық басылым «Ақ босағаға» сілтеме жасап қайта басу хұқы тегін берілді.

Соңғы жаңалықтар