Әлеуметтік желі арқылы 11 ақмолалықты сан соқтырған шығысқазақстандық ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әлеуметтік желі арқылы 11 ақмолалықты сан соқтырған Шығыстан Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті арам ойын танымал әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырып келген.

«Күдікті «ОЛХ» әлеуметтік желісі арқылы Көкшетау қаласында пәтер жалға берілетіні туралы жарнама жариялаған. Жарнама бойынша қоңырау шалған «клиенттеріне» пәтер іздеген адамның көптігін айтып, алдын ала жарна төлеуін талап еткен. Клиенттері алаяқ әйелге 15000 және 45000 теңге шамасында ақша аударған. Кейін қолына ақша тиген күдікті байланысқа шықпай қойған», - дейді ведомстводан.

Бір күннің ішінде алаяқтың құрбаны болған Степногор және Ақкөл қаласының тұрғындарынан 2 арыз түсті.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті ретінде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің 11 адамды алдағаны анықталды. Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар