Әлеуметтік жәрдемақы қиын кезде қолдау болды - шымкенттік жүргізуші

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Әлемді жайлаған қауіпті кесел бірнеше саланың тынысын тарылтты. Елімізде бұл ретте жұмысынан айырылып, кәсібін тоқтатқандарға мемлекет тарапынан ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкенттік жүргізуші Бөкенбек Сағындықов та өзге қазақстандықтар секілді 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан кәсіпкер бұл ақшаның қиын кезде кезде қолдау болғанын айтады.

«Өзім «Газель» көлігімен жүк тасымалдап, ақша табатынмын. Қазір жолға шығуға болмайды деген соң үйде отырмын. Келіншегім де балабақшада аспазшы болып жұмыс істейтін. Ол да жұмысқа шыққан жоқ. Балаларымның үшеуі кәмелет жасына толған. Ең кенжеміз мектеп оқушысы. Барлығымыз үйдеміз, азық – түлік те көптеу те керек. Мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңгеге азық-түлік алып, жағдайымыз түзеліп қалды. Қиын кезде қолдау көрсеткен мемлекетке алғысымды білдіремін»,- дейді Бөкенбек Сағындық.


Соңғы жаңалықтар