Әлеуметтік зерттеу: Көпбалалы отбасыда ерлердің 62,7 пайызы бала тәрбиелеумен айналысады
ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының деректері бойынша, көпбалалы отбасылардың 62,7%-ында ер адамдар балалардың тәрбиесімен әйелдермен тең дәрежеде айналысады.
«Көпбалалы отбасыларының 34,8% – балаларды тәрбиелеуде жасөспірім балалары көмектесетінін, 17,1% – күйеуінің ата-анасы көмектесетінін, 11,7% – ешкім көмектеспейтінін және сұралған респонденттердің тек 2,7% бала күтуші қызметін пайдаланатынын айтты», – деді ҚҚДИ отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшысы Әйгерім Әшімова.
Жасөспірім балалары ата-аналарына өздерінің кіші інілері мен қарындастарын күтуге жиірек көмектесетін өңірлер тізімі мынандай: Қарағанды облысында - 64,2%, Павлодар облысында – 57,8%, Жамбыл облысында – 53,6%, Солтүстік Қазақстан облысында — 50%-дан сәл азырақ көмегін көрсетеді – 47,1%, және Атырау облысында – 46,9%.
Ата-аналарына баланы күтуге ең аз көмек көрсететін жасөспірімдер Ақтөбе облысында – тек 6,4%.
Қызылорда облысында ата-әжелердің 42,5%-ы немерелерін (жиен емес) күтуге көмек көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында сұралғандардың 20%-ға жуығында немерелерін күтумен әйелінің ата-аналары (нағашы ата-әжесі) айналысады, Қарағанды облысында 17,6%-ы айналысады. Жиендерін күтумен айналысатын нағашы ата-әжелер ең аз тұратын өңір — Батыс Қазақстан облысы (2,7%), Қызылорда облысында (2,5%) және Ақтөбе облысында (2,1%).
Еске сала өтелік, бұл әлеуметтік зерттеу 2020 жылы ақпан-наурыз айларында өткізілді.