Әлеуметтік волонтерлік жобаларға қомақты қаржы бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік волонтерлік жобаларға мемлекет 170 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа бастама» деп аталатын бір жобаға назарларыңызды аударым келеді. Мемлекет 170 млн теңге бөледі. Бұл 170 әлеуметтік жоба деген сөз. 170 волонтерлік ұйым 1 млн теңгеден ала алады. Олар бұл ақшаны жалақы ретінде алмайды. Қаражат волонтерлер үшін ыстық тамақ ұйымдастыруға, құрал-сайман сатып алуға, жол шығындарын өтеуге жұмсалады», - деді министр.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев биыл волонтерлер санының артатындығына сенімді екендігін баса айтты.

«Мыңдаған волонтер өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс істейді. 14 мың жоғары сынып оқушысын ағылшын тілінен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауды жоспарлап отырмыз. 7 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетеміз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар