Әлеуметтік төлемнің артуы ЖІӨ-ге кері әсер етпейді – Ұлттық экономика министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жапарқұлов әлеуметтік төлемдердің артуы жалпы ішкі өнімнің көлеміне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы даму қортындылары жарияланды.

Министрлік өкілі Асқар Жапарқұлов айтуынша жалпы ішкі өнім көлемі 4,1 пайызға өскен. Ал инфляция өсімі 5,4 пайызды құраған.

«Көптеген адамдар инфляция өсімінің бұдан әлдеқайда жоғары екенін айтуы мүмкін. Біз жалпы жекелеген бағалар бойынша емес, ортақ көрсеткішті алып отырмыз. Тұтыну себетінде 510 тауар бар. Соның бәрін санағанда осындай ортақ сан шығып отыр», - деді ол.

Департамент директорының айтуына қарағанда, жыл басынан бері әлеуметтік бағдарламаларға басымдық беріліп, төлемдердер мен өтемақылар көлемі артқанымен, бұл Жалпы ішкі өнімге кері әсер етпеген.

«Әлеуметтік төлемдердің артуы Жалпы ішкі өнімнің көлемін көбейтпесе, кемітпейді. Өйткені халықты табысы артып, күнкөріс деңгейі көтерілсе, өнімділік те артады. Сондықтан, әлемуеттік төлем ЖІӨ-ді азайтады деген түсінік болмауы керек», - деді Асқар Жаппарқұлов.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11,7%-ке ұлғайған. Оның мәліметіне сүйенсек, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 0,3%-ке өсіп, 58,2 млрд АҚШ долларына дейін көбейген.

«Қазақстан экономикасындағы өсу динамикасы құрылыстағы (11,1%-ке), саудадағы (7,5%-ке), көлік саласындағы (5,3%-ке), ауыл шаруашылығындағы (3,8%-ке), өнеркәсіптегі (2,6%-ке) және байланыстағы (1,7%-ке) өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1% дейін ұлғаюына байланысты 2,6% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс биылғы 1-тоқсанында 1,6% - тен 3,4% дейін жеделдеді.

Саладағы оң серпін фармацевтикалық өнімнің 19,5%-ке, жеңіл өнеркәсіптің - 16,7%-ке, сусынның – 15,8%-ке, машина жасаудың – 13,4%-ке, мұнай өңдеу өнімінің – 8,6%-ке, ағаш бұйымның 5,8%-ке және металлургия өнеркәсібінің 1,5%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар