+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Әлеуметтік төлемдерге арналған бюджет шығыстары қай көлемде артады

2019 жылғы 12 қыркүйек 13:20
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік төлемдерге арналған бюджет шығыстары қай көлемде артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрамақ.

Ұқсас жаңалықтар
Бюджет: Педагог мәртебесі бағытында қанша қаржы бөлінеді Салық түсімдерінің тұрақтылығы нығайды – Қаржы министрлігі 2020 жылдан бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 809 млрд. теңгеге өсіп, 12,7 трлн.теңгені құрайды (2021 жылы - 13,2 трлн теңге, 2021 жылы – 13,6 трлн теңге). Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға 5,7 трлн теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,7 пайызы. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,6 пайызды құрайды», - деді Б. Шолпанқұлов.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және ел азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге келеді. Мәселен, жоспарланған кезеңде осы бағытқа 11 трлн теңге жоспарланған, оның ішінде 3,4 трлн теңге 2020 жылға тиесілі. Аталған шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, оған үш жылдық кезеңге 10,7 трлн теңге, оның ішінде 2020 жылы – 3,3 трлн теңге көзделген. 2019 жылғы деңгейге қарағанда әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 304,4 млрд теңгеге ұлғайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Бюджет, Қаржы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT