Әлеуметтік төлемдерді есептеу қағидалары өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығы бойынша, нәлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша жеке басын куәландыратын құжатпен және қорға өтінішпен жүгінуі керек.

1) Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда:

А) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы;

Б) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өтінім беру кезінде белгіленген болса – мемлекеттік корпорация арқылы жүгіну керек.

Бұйрықта өтініш «Бір өтініш» қағидаты бойынша берілетіні айтылған.

Дегенмен, өтініш берудің мынадай нақты мүмкіндіктері көрсетілген:

тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің орналасқан жері бойынша;

көшпелі отырыстарда:

өтініш берушінің тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емдеу-алдын алу мекемелерінің базасында;

мамандандырылған мекемелерде емделуде болған жері бойынша;

өтініш берушінің келген жері бойынша түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында;

үйде, стационарда-егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмаса;

сырттай-куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерлерде стационарлық емделуде болған кезде, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен «еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған ұсынылған құжаттар негізінде;

2) Асыраушысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік төлем тағайындау труалы өтініш беру керек болса, төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.

3) Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік төлем туралы мына жолдармен өтініш беруге болады:

Мемлекеттік корпорация (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болған кезде);

жұмыспен қамту орталығы – адамды жұмыссыз ретінде тіркеген және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға «бір өтініш» қағидаты бойынша жүгінген кезде;

портал – жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болған жағдайда;

«Электрондық еңбек биржасы» порталы – аталмыш порталда жұмыссыз ретінде тіркелген кезде;

4) Жүктілікпен және босанумен, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алумен байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау туралы Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беруге болады;

5) Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемд тағайындауғ туралы өтініш беруге болады:

- Мемлекеттік корпорация арқылы;

- Портал арқылы.

Бұйрық 2022 жылғы 15 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.


Соңғы жаңалықтар