Әлеуметтік төлемдерді 4 пайыз индекстеуге 185 млрд теңге сұрап отырмыз – вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде әлеуметтік төлемдерді 4 пайыз индекстеуге 185 млрд теңге сұрап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлем экономикасындағы жағдайдың елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс әсерін төмендету үшін Сенатта қаралып жатқан бюджет жобасында азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтуге қосымша 185 млрд теңге сұрап отырмыз. Аталған қаражатты зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің көлемін қосымша 4 пайызға индекстеуге бағыттап отырмыз», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, бұл жоба қолдау тапса, республикалық бюджеттің шығыс бөлігінде әлеуметтік төлемдердің үлесі 25 пайызға жетеді.

«Жалпы алғанда, бұл 2021 жылғы мөлшермен салыстырғанда зейнетақының 11 пайыз өсуін, базалық зейнетақы мен басқа төлемдердің 9 пайыз өсуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыруға және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына жұмсалатын шығынның жалпы көлемі 4,4 трлн теңгеден асады немесе республикалық бюджет шығынының 25 пайызын құрайды», - деді Руслан Сәкеев.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері ай сайын 201 мың теңгеден алып отыр.


Соңғы жаңалықтар