Әлеуметтік сектордағы мемлекеттің міндеттемелері 2016 жылы 416 млрд теңгеден 2018 жылы 747 млрд теңгеге ұлғаяды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үш жылдық бюджет жобасында әлеуметтік сектордағы мемлекеттің міндеттемелері толық көлемде сақталып отыр. Бұл бағыттағы шығыстар 2016 жылы 416 млрд.теңгеден, 2018 жылы 747,7 млрд. теңгеге дейін ұлғаятын болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында мәлім болды.

Еске сала кетейік, Парламент «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаған болатын. Қабылданған Заңға сәйкес, халықтың анағұрлым осал топтарын қолдау мақсатында бюджет жобасында болжанып отырған инфляцияның жылдық орташа деңгейін алдын ала отырып, жалпы сомасы 93,9 млрд. теңге қосымша шығыстармен зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидаты сақталады. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасын» іске асыру жалғасатын болады. Атап айтқанда, 2016 - 2018 жылдары осы мақсаттарға 114 млрд. теңге бағытталмақ. Соның ішінде 2016 жылы 37,8 млрд. теңге қарастырылмақ. Сонымен қатар, үшжылдық кезеңде халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар 6 527 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2016 жылы - 1 879 млрд. теңге болып отыр. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2016 - 2018 жылдары 2 198,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2016 жылы 700 млрд. теңгеге жетеді. Білім мен ғылымға арналған шығыстар 2016 жылы - 399,3 млрд. теңге болса, бұл қаражат 2016 - 2018 жылдары 1 165,4 млрд. теңгені құрайды. Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Соңғы жаңалықтар