Әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының көтерілетіндігі халықты бір қуантып тастады - Ч.Әбутәліпов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Елбасы өзінің халыққа арнаған биылғы Жолдауында еліміз үшін аса маңызды деген көрсеткіштерді атап көрсетіп, 2050 жылға дейінгі стратегияны жүзеге асырудың, яғни тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын Мәңгілік Ел болудың басты векторларын айқындап берді», - дейді Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов.

Оның айтуынша, Жолдауда атап көрсетілгендей, ұлтымызды ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін бұл негізгі идея - біздің ұлы бағдарымыз «Қазақстан -2020»- ның түп қазығы. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің тәуелсіздігіміз, зайырлығымыз бен еліміздің экономикалық өсімі, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы сияқты құндылықтарды біріктіреді. Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға қарата айтқан сөздері де өте орынды. Мемлекетімізді Мәңгілік Ел ету жолында еңбек ететін де, ертең соның жемісін көретін де бүгінгі жастар. Осыны жақсы түсінген Елбасы кейінгі буын өкілдерін еліміздің қалыптасу ісіне немқұрайлы қарамай, оның жүзеге асырылуына барынша атсалуға шақырды.

«Жалпы ішкі өнім көлемін арттырып, халықтың өмір сүру жасын ұлғайтудың көзделіп отырғандығы да бізді қуантады. Тек табиғи азық-түліктер тұтыну, экологияның тазалығы осы мәселенің оң шешілуіне алып келмей ме? Яғни, ол тұрмысымыздың бұдан да жақсарып, қызмет көрсету деңгейінің артатындығын көрсетеді. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала қызметкерлері жалақысының көтерілетіндігі жөніндегі жаңалық та қарапайым халықты бір қуантып тастады", - дейді Ч.Әбутәліпов.

Соңғы жаңалықтар