Әлеуметтік сақтандыру қоры WhatsApp-та тараған ақпаратқа қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) WhatsApp арқылы тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Ол ақпараттарда МӘСҚ-тан 1991 жылдан 2018 жылға дейін еңбек етіп жүргендерге 560 мың теңгеден берілетіні туралы жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«МӘСҚ барлық азаматтарды бейресми көздерден тараған ақпараттарға сенбеуге, әлеуметтік желіде тараған күмәнді сипаттағы барлық ақпаратқа сын көзбен қарауға, ресми көздерден тараған ақпараттарға ғана сенуге шақырады», - делінген хабарламада.

Ведомства жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамалық тұрғыда жауапкершілік барын еске салды.

«МӘСҚ тіркелген факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жүгінді», - деп қосты баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар