+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 162 млрд теңге төледі

2019 жылғы 11 қараша 13:54
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 162 млрд теңге төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Жүктілік пен босану, жаңа туған баланы асырап алу бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 65,1 млрд теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне – 74,2 млрд теңгені, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 11,4 млрд теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 7,8 млрд теңгені, жұмысынан айырылуға қатысты – 3,6 млрд теңгені құрады», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты аналарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 424 063 теңгеге жетті, ал төлем алушылардың саны 164 мың адамды қамтыды.

Сонымен қатар, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне әлеуметтік төлемдердің мөлшері 30 925 теңгені құрады, оны 395 мың азамат алды. 54,7 мың адам жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 631 теңгені қамтыды.

Белгілі болғандай, 46,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 628 теңгені құрады.

Тағы 85,3 мың азамат еңбекке қабілетінен айрылуы жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 14 860 теңгені қамтыды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT