+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Әлеуметтік сақтандыру қоры 1,3 мыңнан астам медицина қызметкеріне ақша төледі

2020 жылғы 9 қыркүйек 10:19
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік сақтандыру қоры 1,3 мыңнан астам медицина қызметкеріне ақша төледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1,3 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан (МӘМСҚ) төлемдер алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Зәуреш Балкенова консультациялық-диагностикалық көмек алу туралы айтты Түркістан облысында медицина қызметкерлері марапатталды Отандық  фармацевтикалық зауыт  жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, COVID-19-бен күресуге тартылған 1 364 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда медициналық сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘМСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘМСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘМСҚ-ға жіберіледі.

9 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘМСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 364 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің өтініші бойынша қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (257) және Алматы қалаларынан (178), Алматы (111), Қарағанды (110) және Ақмола (99) облыстарынан жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн. теңге көлемінде төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT