Әлеуметтік нысандардың дербес қазандықтарын газға қосу қаражатты 3 есе үнемдейді – елорда әкімдігі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы 20 әлеуметтік нысанның дербес жылу қазандығын газға қосу бюджет қаражатын 3 есе үнемдейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй алаптарында орналасқан мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда дербес жылу қазандықтары бар. Олар орталықтандырылған жылу желісіне қосылмағандықтан, дербес қазандықтармен жылытылатын. Яғни, қазандықтар дизель отынымен жұмыс істейтін. Қазіргі уақытта 20 нысанды газға ауыстыру жобасы аяқталды. Енді оларды бірте-бірте газға қосу жұмысы басталды. Бүгінде 5 нысанның қазандығы газға ауыстырылды. Келесі жылу маусымына дейін олардың бәрін газға қосамыз», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған нысандардың жылу қазандықтарын газға қосу қаланың экологиялық жағдайын жақсарта түседі.

«Сонымен қатар бюджет жағынан да тиімді. Бұған дейін дизель отынын алу үшін қомақты қаражат жұмсалатын. Газға қосылғаннан кейін қаражат үш есе үнемделеді», - деді Мақсат Есмағұлов.


Фото: legalhub.online




Соңғы жаңалықтар