Әлеуметтік нысандар маңайына автотұрақ салу жоспарда жоқ – астана әкімдігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елордадағы әлеуметтік нысандар маңайына көлік тұрақтарын салуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішсі.

«Әлеуметтік нысандардың маңайына көлік тұрақтарын салу қарастырылып жатқан жоқ», - деп жазылған жауапта.

Әкімдік мәліметі бойынша, жол қозғалысы саласындағы құқықтық қатынас ҚР заңнамасымен реттеледі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елордадағы қате қаңтарылған көліктерді автоматты түрде анықтау жүйесі аулаларды қамтымайтынын мәлім еткен еді.

«Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркеуші автоматты жүйе қазіргі таңда елорданың бүкіл аудандарындағы жолдардың көшедегі бөлігіне ғана орнатылған. Тұрғын үй аулаларындағы учаскелерді бейнетіркеу қамтымайды», - деп жазды департаменттің баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.


Соңғы жаңалықтар