Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының алматылық филиалына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры болып Нұрлыбек Қабдықапаров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлыбек Қабдықапаров Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі, балалар дәрігері. Денсаулық сақтау саласында мол тәжірибесі бар маман әр жылдары еліміздегі жетекші медицина мекемелерінің бас дәрігері қызметін атқарды. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменттерін басқарды. 2017 жылдың шілдесінен бастап қордың Нұр-Сұлтан қалалық филиалына жетекшілік етті.

Естеріңізге сала кетсек, филиалдың бұрынғы директоры Тілеухан Әбілдаев Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар