Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шығынын қысқартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әкімшілік шығыннан үнемделген қаражатты медициналық көмекке бағыттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

«Былтыр біз 1 млрд теңгеден астам әкімшілік шығындарды оңтайландырдық. Қаражат медициналық көмекке бағытталды. Атап айтқанда, PR дейміз, баспасөз қызметі жағына, іссапарларға, ғимарат жалдауға қарастырылған шығындардың бәрін қайтадан қарап, оңтайландырып, үнемделген қаражаттың бәрін медициналық көмекке бағыттадық», - деді қордың басшысы.


Соңғы жаңалықтар