Әлеуметтік мәселелер Мәжіліс депутаттарының назарында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мақпал Тажмағамбетова мен Жанна Телпекбаева Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарына толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Сондай-ақ, ғимарат келесі жылы толығымен пайдалануға беріледі», - деді мердігер Бекзат Молдабеков.

Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселелерге назар аударды.

«Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге, сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың дұрыс орналасуына да бақылау қажет», - деді Мақпал Тажмағамбетова.

Сонымен қатар, депутаттар қала әкімшілігіне салынып жатқан нысанның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініштеріне құлақ түріп, білім саласындағы мәселелерді назарға алатындарын жеткізді. Білім мекемелерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.


Фото: parlam.kz

Соңғы жаңалықтар