Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін енді Сауда министрлігі бекітпек

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрлігіне бірнеше қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, ведомствоға мына функциялар беріледі:
- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының 50 және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындау;

- үшінші тараптың Қазақстаннан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

- ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге ала отырып енгізілетін шараларды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

- стандарттау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру, іске асыру және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізу шарттары мен тәртібін айқындау;

- сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту;

- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;

- саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындау;

- тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін келісу;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру.

Құжат 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар