USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту керек  - сенатор

2021 жылғы 28 қазан 11:44
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекіту керек  - сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Бауыржан Қаниев Үкіметтің негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылдаған шараларын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда азық-түлік жәрмеңкелері қайта ашылды Алматыда 61 сауда дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсірген Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты өтіп тұрады

Осы орайда Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамды ұсынды.

Депутат Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басынан бастап сәбіз 45% - ға, картоп 38,5% - ға, күнбағыс майы 16,7% - ға, пияз 10,9% - ға және қант 9,2% - ға қымбаттағаны туралы деректерімен бөлісті.

Сенатордың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30 пайыз, ал азық-түліктің 70% - ы елге импортталады, бұл бағаның өсуіне ықпал етпей қоймайды.

«Үкімет бағаны екі тәсілмен тұрақтандыруға тырысып жатыр, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ. Біріншісі – 6 пайызбен кәсіпкерлерге несие беру арқылы. Бірақ оған көп кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының қолы жетпей отыр. Екіншісі – азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер арқылы. Бұл дүкендердің саны аз, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да бұл тәсілдер нарықтағы бағаға көп әсерін тигізе алмай отыр. Сондықтан Үкімет ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты шекті бағаны бекітіп, өкілетті орган бағаның өзгеруін қатаң түрде бақылауы тиіс»,- деді депутат.

Бауыржан Қаниев, сондай-ақ, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында көтерме сауда орталықтары желісін дамыту және баға белгілеуді жетілдіру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен кездесу өткізгенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы әзірленген ұсыныстар Үкіметтің атына жолданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT