Әлеуметтік маңызы бар тауар нарықтарын тексеру басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі барлық әлеуметтік маңызы бар тауар нарықтарын тексеру іс-шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай және құрылыс материалдары нарықтарынан бөлек, ұялы байланыс, интернет қызметтері, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, зертхана қызметтері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, домофондар, лифт, басқарушы компаниялар, биллингтік қызметтер нарықтары қамтылмақ. Сондай-ақ, төлем ұйымдары қызметтерінің, әсіресе коммуналдық қызметтерге, мемлекеттік монополиялар қызметтеріне, мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметтеріне ақша аудару кезінде бағаларды төмендету бойынша шаралар қабылданады.

Шағымдардың көптігіне байланысты, мұнай өнімдерін, сұйытылған газ, электр энергиясын өткізу кезінде тауар биржаларын қоса алғанда, барлық маңызды жұмыс істеп тұрған сауда алаңдары бағалық сөз байласу және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан тексеріледі.

Осылайша, халық үшін барлық маңызды тауар нарықтарында бағаларды кешенді төмендету жұмыстары жалғастырылатын болады.


Соңғы жаңалықтар