Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы өткен аптада да өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 10%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Айран 2,5% – 412 тг/л

Күнбағыс майы – 829 тг/л

Cәбіз – 175 тг/кг


Соңғы жаңалықтар