Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саудасын тексеруші орган қадағалайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірдің өткізілуін қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірді қадағалау бойынша пилоттық жобаның қатысушыларына арнап жадынама әзірлеген. Бұл жоба 2022 жылғы 30 сәуірден бастап жұмыс істейді. Басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляцияның өсімін болдырмау және азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу.

«Жоба ел аумағында биылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және тас көмірді қадағалау электрондық шот-фактуралардың ақпарттық жүйесі негізінде жүргізіледі. Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілер электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі esf.gov.kz порталына тіркелуі тиіс. Сонымен қатар ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыруда, оның ішінде жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну қажет», - деп жазды комитеттен.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады: ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, бірінші сортты бидай ұны мен наны (пішінді), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), рожки (өлшеніп салынатын), майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы сүт пен айран, қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5 %-дан кем емес, толтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ), картоп, сәбіз, тауық жұмыртқасы (I санатты), басты пияз, ас тұзы, ақ қауданды қырыққабат, сүзбе (майлылығы 5-9 %).

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте салық төлеушінің ЭШФ төлемегені үшін 40 АЕК-ке (122 520 теңге) дейін, мерзімін бұза отырып ЭШФ жазып бергені үшін 20 АЕК-ке (61 260 теңге) дейін және бақылау – касса машинасының чегін бермегені үшін шағын кәспкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін жауапкершілік көзделген.















Соңғы жаңалықтар