Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өткен аптада да өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 10,6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - деп жазды ведомстводан.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай:

Айран 2,5% – 408 тг/л

Құмшекер – 440 тг/кг

Пияз – 203 тг/кг


Соңғы жаңалықтар