+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу керек – Асқар Мамин

2019 жылғы 18 қараша 19:38
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу керек – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуі мәселесі қаралды,деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев: Балаларымыздың қауіпсіздігі біз үшін әрқашан бірінші орында Үкімет басшысы ЕО-ға мүше елдер дипмиссияларының басшыларымен кездесу өткізді Асқар Мамин «Росатом» корпорациясының басшысын қабылдады

«14 қарашада Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне және бұл мәселеде тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан дұрыс бақылау мен үйлестірудің жоқтығына назар аударды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар барлық өңірлерде 15%-дан астам өскенін атап өтті. Қарақұмық жармасы (+62,9%), күріш (+32,3%), ұн (+27,8%) бәрінен қымбаттағаны байқалады. Өңірлер тұрғысынан бағаның ең көп өсуі Шымкент пен Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда байқалады.

«Бұл өңірлер әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар пакетін әзірлейтін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша азық-түлік тауарларына баға өсуінің алдын алу мәселесіне жауап беретін ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлері және Шымкент және Алматы қалаларының, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT