Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18,1% қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы:

- өткен аптада - 0,2%,

- ай басынан 0,4%,

- жыл басынан 18,7% өсті.

«Жылдық мәнде олар 18,1% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа жоғары», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.

Өткен аптада арзандады:

- пияз – 4,6%

- картоп – 1,8%

- қырыққабат – 1,7%

- сәбіз – 1,5%

Өткен аптада қымбаттады:

- тұз – 1,9%

- макарон – 1,1%

- бидай ұны, І сұрып – 1%

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 16 тамызға):

- макарон – 271 тг/кг

- құс еті – 1 163 тг/кг

- күнбағыс майы – 844 тг/л

- тұз – 63 тг/кг

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.


Соңғы жаңалықтар