Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жеңілдетілген несие беріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктері іске асады. Толығырақ Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жыл басында тұрақтандыру қорларының жұмысы қайта форматталды. Осылайша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тежеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілді. Бұл жерде тұрақтандыру қоры арқылы фермерлерге күзгі және ерте пісетін көкөністерді белгіленген бағамен жеткізуге алдын ала аванс беріледі. Бұл маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсімін реттеуге әсер етеді. Қазір өңірлер көкөністі өткен жылы жасалған келісімшарт негізінде белгіленген бағамен сатып жатыр. Сонымен қатар, биыл тауар өндірушілермен көкөніс жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүріп жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның мәліметінше, бүгінде арзандатылған астықты сату бойынша мемлекеттік қолдау тетігі жеке пысықталды.

«Бұл тек ұн өнімдері бойынша ғана емес, сонымен қатар төрт түлік малды жем-шөппен қамту арқылы мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктері іске асады. Жаңа тәсіл бойынша өңір әкімдіктері жергілікті бюджеттен шамамен 125 млрд теңге қарастырып отыр. Оның ішінде жеңілдікпен несие беруге 99 млрд теңге және тауар өндірушілерден тікелей сатып алуға 26 млрд теңге көзделген», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар