Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 10,7 пайызға өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға, жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 25 сәуір/:

Айран 2,5% – 399 тг/л

Қант – 442 тг/кг

Рожки – 315 тг/кг


Соңғы жаңалықтар