Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бақылайтын платформа құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жасайтын бірыңғай платформа құрылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, баға мониторингінің бірыңғай платформасын әзірлеу жөніндегі сіздің тапсырмаңызды орындау үшін тиісті жұмыс жүргізілуде. Нарықтық және ведомстволық мәліметтерді қоса алғанда, әртүрлі деректерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ақпарат ауқымын жинау және талдамалық өңдеу үшін eprice.gov.kz. платформасы әзірленді. Оның мақсаты – факторларды анықтау және бүкіл тізбектегі тауарлардың қозғалысы мен бағасының тенденцияларын қалыптастыру», - деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған сайт құрылды және Ұлттық статистика бюросының, Мемлекеттік кірістер комитетінің және басқалардың деректерімен алмасу жұмыстары басталды.

«Бұдан басқа, менің Өзбекстан мен Тәжікстан республикаларына сапарым барысында азаматтарымыз үшін жаңа піскен астыққа азық-түлікті неғұрлым төмен бағамен тікелей жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі келіссөздердің кезекті раундын өткізу жоспарланып отыр», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Бұған дейін министр азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдарын ұсынған еді.



Соңғы жаңалықтар