USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Әлеуметтік қызметтер порталы: Мүгедектігі бар адамдар 360 мыңнан астам қызмет алды

2021 жылғы 3 желтоқсан 10:05
Бөлісіңіз:
Әлеуметтік қызметтер порталы: Мүгедектігі бар адамдар 360 мыңнан астам қызмет алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бастап 266 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 33 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 55 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 210 мың тапсырыс рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдай кезінде мүгедектігі бар 11 мың адамға жәрдемақы төлеу автоматты түрде ұзартылды Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталынан 367 мың қызмет алған Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 795 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 157 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 262 ымдау тілін қызметін, 79 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT