Әлеуметтік корпорациялар шығынға батса да еңбекақы төлеу қорын үнемі ұлғайтып отырған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар шығынға батса да еңбекақы төлеу қорлары үнемі ұлғайып отырған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Көптеген ӘКК шығындылығына қарамастан жыл сайын еңбекақы төлеу қорын және күтіп-ұстау жөніндегі шығыстарды ұлғайтады. Атап айтқанда, ӘКК жиынтық шығыны («Kokshe», «Ақтөбе», «Атырау», «Каспий», «Тараз», «Aqjaiyq», «Солтүстік», «Сарыарқа», «Astana» және «Павлодар» ӘКК-де белгіленген) шамамен, 17,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, еңбекақы төлеу қоры, оның ішінде басшы буынға 3 жылда 1 млрд теңгеге (952 млн теңге) ұлғайды. Мысалға, «Солтүстік» ӘКК-де басқарма төрағасы мен қызметкерлердің жалақысы 712 млн теңге шығын кезінде 2 есеге артты», - деп атап өтеді Олжас Бектенов.

Оның дерегінше, ӘКК («Ақтөбе», «Жетісу» ӘКК) бизнес-бастамаларды қолдаудың және экономикалық белсенділікті ынталандырудың орнына корпоративтік қорларға, түрлі компанияларға жеңілдікті қарыздар беру түрінде қаржылық көмек көрсетеді.

«Мәселен, 2019-2021 жылдары «Жетісу» ӘКК басшылығы «Ақсу қант» ЖШС-сына 3,3 млрд теңге мөлшерінде пайызсыз қаржылық көмек көрсетті. Оның 2,7 млрд теңгесі шарт бойынша мерзімінде қайтарылмады. Қайтарылмаған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 3 млрд теңгені құрады», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар