Әлеуметтік көмектің 39 түріне мемлекет тарапынан кепілдік берілген-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда қазақстандықтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің 39 түріне мемлекет тарапынан кепілдік беріліп отыр. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, 2018 жылы 3,8 млн адамға бюджеттен 2,5 трлн теңгеден астам зейнетақы мен жәрдемақы берілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төлемдерін жалпы сомасы 190 млрд теңге көлемінде шамамен 800 мың адам алды.

«2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат көлемі 674 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28 пайызын құрайды. Әлеуметтік төлемдерге 2,9 трлн теңге көзделді» - деп атап өтті Сапарбаев

Сонымен қатар, ведомство басшысы министрліктің болашаққа жоспарлаған жұмыстың жеті басым бағытын атап өтті. Бірінші және ең маңызды міндет Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру болып табылады. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жүйесін жақсартудың да маңызы зор. Осыған байланысты Министрлік мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеп, қабылдады.

Кірістерді ұлғайту және жұмыс істеу құқығын жүзеге асыру үшін қазақстандықтарды нәтижелі жұмыспен қамту жаңа экономика үшін кадрлар даярлау, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғап, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, көші-қон процестерін реттеу басым бағыт болып табылады.

Сондай-ақ, негізгі міндеттер қатарында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру белгіленген.

Соңғы жаңалықтар