Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдісіне 7 млрд. теңге бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл әлеуметтік көмек көрсету бойынша қолға алынған «Өрлеу» ілкі жобасының аясында еліміздің қалалары мен аудандарында тұрып жатқан жағдай төмен 150 мыңға тарта адам қамтылады.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты кезінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдісі Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында енгізілді. Әлеуметтік көмек көрсету бойынша қолға алынған «Өрлеу» ілкі жобасының аясында, аталмыш облыстарда жағдай төмен отбасылармен әлеуметтік келісімшарт жасалды.

2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, бұл жоба тағы 38 аудан мен қалаларда енгізілген болатын. Осылайша, 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.

«2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысқан адамдардың жан басына шаққандағы кірісі 2 есеге астам өскен. Еңбекке жарамды азаматтардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды», - деді Светлана Жақыпова.

Осының арқасында аталмыш облыстарда әлеуметтік көмек алушылардың саны 25 пайызға кеміген.

Жобаны ары қарай жүзеге асыру мақсатында 2017 жылы республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылып отыр. Биыл әлеуметтік көмек көрсету бойынша қолға алынған «Өрлеу» ілкі жобасының аясында еліміздің қалалары мен аудандарында тұрып жатқан жағдай төмен 150 мыңға тарта адам қамтылады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар